/Шәкәрімнің «Үш анығын» оқығаннан кейін туған ойлар/
Адам баласы ғаламдағы өз орнын, миссиясын анықтап, жете түсіну үшін Тәңір оның генетикалық жадына үш сұрақтың кодын қашап қойған. Сол үш сұрақтың жауабында Тәңір адам бақытының құпиялы кілтін жасырыпты. Бұл үштікке жауап тапқан адамның түйсігіне өмір сүру ләззатының, кемелдіктің һәм қуаттылықтың тәтті дәмі сезіле бастайды. Бұл қандай да болсын магияңыздан, сиқыр мен дұғаңыздан да құдыретті дүние. Себебі, сол үш сұрақтың айналасында жалпы жаратылыс жұмбағының шешімдері топтасып тұр.
Бұл қандай үш сұрақ дейсіз ғой?
Бірінші сұрақ – «Әлем белгілі бір себептердің күшімен жаралған ба әлде ол өз алдына дамып, жойылып отыратын меңіреу табиғат жолымен жаралды ма?»
Екінші сұрақ – «Жан деген не?»
Және үшінші сұрақ – «Адам үшін өлгеннен соң өмір бар ма?».
Бұл үш сұраққа өткен ғасырдың басында Шәкәрім Құдайбердіұлы жауап беріп кеткен. Нақтырақ айтқанда Алаштың ұлы ойшылының жауаптарын біз оның «Үш анық» атты философиялық трактатынан таба аламыз.
Енді сол жауаптарды талдап көрелік. Шәкәрімнің бірінші анығы бойынша – жаратылыста бірде бір құбылыс кездейсоқ болмайды. Барлығының түбінде белгілі бір себеп болуы заңдылық екен. Керек десеңіз, сол себептің өзіне де себеп керек! Олай болса, барлық себептердің түп-тамыры, қозғаушы күш – Жаратқан Ие. Яғни мынадай математикалық дәлдікпен үйлесімді ғарышты жарату үшін – Ұлы сана, құдыретті түйсік, шексіз шеберлік қажет. Оған қоса шығармашылық жан иесіне тән романтика мен ата-анаға тән нәзік махаббат қажет. «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті» – деген ғой Абай.
Саналы дүниенің өзінен өзі пайда болуының өзі – логикаға қайшы. Мәселен баспадағы станок өзінен өзі әріптерді лақтырып отырып, кездейсоқ «Абай жолы» романын түзіп шыға алады дегенге сенесіз бе? Жоқ, әрине. Мұхтар Әуезов болмаса, ол роман-эпопея жазылмасы сізге де, өзгеге де белгілі.
Демек, шексіздік пен уақыттың сыртында мәңгілік медитация жасап отырған Тәңір – барлық жаратылыстың ең ұлы себебі, ең түпкі қозғаушы күші. Шәкәрім айтқан бірінші анық арқылы біздің санамызды «мен ғарышта жалғыз һәм тастанды емеспін, мені ерекше махаббатпен жаратқан Біреу бар, яғни мен Оның мәңгілік қамқорлығындамын» – деген періште-ой әлдилейді.
Шәкәрім осы «Үш анығын» жазғанда қазіргі заман ғылымының жаңалықтарынан бейхабар еді. Бұл сұрақтарға жауапты ол түйсік арқылы, кемелденген интуиция арқылы жетті деп білеміз. Я болмаса, осы сауалдардың жасырулы кодын ол өз жүрегінен оқып, көрді.
«Жан» деген субстанцияны Шәкәрім әлемдегі кез келген зат секілді жоғалмайтын тек басқа формаға ауысып отыратын ақпараттық-энергетикалық құрылым деп білді. Бүгін ол физика ғылымына таңсық дүние емес. «Барлықтың ішінде бар болып» ажалсыз жүре беретін жанның құпиясын да Шәкәрім өз жанымен тілдесу арқылы да білуі мүмкін. Өз жаны арқылы бүкіл ғарышпен де диалог құруға болатынын білген Шәкәрім шындығында әулиеге айналды деп айта аламыз.
Дене – жанның киімі, қозғалыс құралы. Ал, жан бөлек екенін көрсеткен ұлы ойшыл, адам баласын мазалайтын үшінші сұраққа да жауап береді. «Киімін» шешіп қалықтай кететін жанды жерден де өзге, жерден де ғажайып әлемдер күтіп тұратынын меңзейді. Саналы адам оны елестете алса, ол үшін ажал деген «өткел» ешқандай үрей мен қорқыныш туғызбаса керек-ті. Яғни жан да, жаратылыс секілді мәңгілік.
Өмір егер бір сызықтың бойымен келе жатып, бір нүктеде тоқтап қалса, Тәңірдің жарату үрдісінің логикасы тым қысқа, тым қызықсыз болар еді. Біздің алдымызда күтіп тұрған сансыз, шым-шытырық сұлу әлемдерге жету үшін Шәкәрім – ұждан немесе ар деген ұстанымды алға шығарады. Жанды рухани азықтандырып, ардан аттамаған адамға сансыз әлемдерге тоқтаусыз саяхат Тәңір тарапынан үлкен сый болмақ деп білейік.
Қорытындылай келгенде «Үш анықты» білген һәм жете түсінген адам баласы үшін мына дүниенің барлық заңдары белгілі болып, бәрі өз орнына тұра қалады. Елегізіп тұрған жан сабырға келмек дейміз. Ал, ол өз кезегінде жанға тыныштық әкеліп, алыстағы дүниелерді көре білу қабілетін оятады. Бұл тіршілік иесі үшін нағыз бақыт деп ойлаймыз.
P.S.
Алаш жұрты ғасырлар бойы теперішті көп көрген халық. Қаншама зобалаңды басынан өткерсе де, қазақ Аллаға өкпесін айтпаған ел. Бұл біздің бойымыздағы төзімнің арқасы, бұл гүлдің күлтесіндей түйсігіміздің арқасы деп санаймыз.
Алдағы уақытта ойшылдарымыз бен кемеңгерлеріміздің айтқанына құлақ салып, Жаратқанның ғажайып сырларын танып-біліп, түсініп жүрсек, Құдайдың мейіріміне бөленеріміз хақ.
Бұл біздің сақтап қана қоймай, ұлы ұлтқа айналдыратынына күмән болмасын.

Тауба деймин!
Осы макаладан кеин Шакрам атаның Уш аныгын оку керек деген ойга келдим. Осындай ойга жетелегениз ушин Сизге Кудай рухани куат берсин! Рахмет.
Ақберен, Алланың адамдарға жіберген періштелеріне теңеуге болмайтын шығар, бірақ сені де біздерге ерекше адам етіп жіберген Аллаға мың да бір рахмет!!! Мен бір досыма Акбереннен сабақ алып, абстрактылы ойлауды үйренейік деп едім. Мүмкін, бір ғасырда бір адам дүниеге келетін болар, біреу болмаса да сирек болар, үш анықты өзі ғана түйсініп қоймай, өзгелерге жеткізсем деп ойлайтын сен Шәкәрімнің жалғасысың ғой, “қазіргі пенделеріңнің есіне бір сап қой” деп тұрғандай саған төбеңнен Тәңірің. Мұны туйсінген адамның өмір сүруі де жеңіл болары хақ. Алдағы уақытта пендеңе сыйлар асыл ойларың таусылмасын!!!!
Керемет.
Қызықсыз
Шәкәрім Құдайбердіұлы расында да Хақ тағаланың ерекше жаратқан пенделерінің бірі тек өкініштісі ондай адамдарды өз замандастары түсінбейді, оған тарихтан сан жүздеген дәлелдер келтіруге болады. Ал оның мұрасы күллі адамзат баласына рухани азық болар еді егер оның тілін түсінетін адамдар көп болса, тағы бір өкініштісі оның тілін өзге түгілі өзінің де көптеген қара көз қандастары түсінбек тұрмақ әлі білмейді де ғой ? олай болса Шәкәрім мұрасы әлі сан ғасыр өзінің ашылуын күтіп жатары даусыз…….
Иә, Шәкәрім ағамыздың қай тумасын алып қарасақ та, ой түйсігімізді ойландырар сөздер толып жатыр. ЖОО оқып жүрген кезімде Шәкәрім ағамыздың шығармашылығы жайлы курстық жұмыс жазғанымда, Шәкәрім ағаның туындыларына басқа көзбен қарайтын болдым, шынын айтса,Шәкәрім Құдайбердіұлының “Үш анығы” және т.б. жазушылардың туындыларын оқығанымда кейбір жайттарға деген көз карасым, адамдарды басқа қырынан көруге себепкер болған еңбегі.
Әлемнің жаратылу мақсатын адамдарға пайғамбарлар, Алланың жер бетіндегі таңдаулы елшілері жеткізіп отырған. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Бір хадисінде Алла тағаланың жарату себебін была дегенін жеткізеді:” Мен бір жасырын қазына едім, Өзімнің танылуымды қаладым, сосын мына әлемді жараттым.” Сондықтан әрбір саналы адам баласы өзіне жоғарыдағы үш сұраққа қоса не үшін жаратты дегенді де қойғаны дұрыс. Қарапайым шай ішетін шәйнекті алайық, оны кім, не үшін жасады? Жауабы дайын, шай ішу үшін адам жасады, солай ғой. Егер сол шәйнекті жерден өсіп шығады десе сол айтқан адамды жынды дер едіңіз. Өйткені оның өз-өзінен пайда болуы ақылға сыймайды. Ал сол жәй шай ішетін шәйнекті жасаған адам өз-өзінен қалайша,не үшін пайда болмақ? Бұл сұрақтың жауабы 1400 жыл бұрын қасиетті Құранда айтылып қойылған. Ұлы Абай да, Шәкәрім де оны түйсікпен емес ақылменен Құраннан білді және солай амал етті. Жаратылыс, Алла туралы жазар болсаң исламды көбірек зерттесең, барлық сұрақтарыңа жауапты содан табар едің. Шығармашылық шабыт тілеймін, рахмет. “Күдіксіз Алла, түйірді және ұрықты жарушы. Және өліден тіріні, тіріден өліні шығарушы. Міне Алла осы. Ал сонда қайда бұрылып бара жатырсыңдар?” (Әнғам сүресі, 95 аят)
Abai,Shakarimdei danalardyn sozinen ruhani tazaryp,zhanga kuat aldym
рычорывосмрт
рычорывосмрт
Кешіріңіз аға,бірақ сіздің тақырыбыңыз Исламнан ауытқып кеткен!
Иә, жартылыс ғылымдары да: “Қандай да болмасын нысана қозғалысқа келу үшін оған басқа күш әсер ету керек”-дейді ғой. Ендеше мынау мінсіз де ғажайып әлемнің қозғаушысы кім? Ол осы ғажайыптың алдындағы дәрменсіз адам ба, әлде сол кереметтің өзі ме? Мүмкін шындығында мың жылдықтар бойына мелшиген пұттар болар, болмаса Құдайдың ұлы Иса ма?
Жоқ, мұндай мінсіз ғажайыпты жарату үшін, оны жаратушының озі ғажайып мінсіз болу керек емес пе? Оны тек, көкірегі көр соқыр ғана сезіп біле алмас!
Ага, макаланызды окып улкен ойға қалдым..және Шәкәрім атамыздың Үш анығын тағы бір рет оқып шығуды ұйғардым. Мектепте оқып жүргенде оқыған едім…Өте жақсы жазғансыз. Мен сізге…кешіріңіз, сіздің сөздеріңізге ғашыкпын,Аға!!!……..
ote jaksy jazylgan.Men ozime kerekty osy jerden taba aldym sizderge rahmet
шәкәрім құдайбердіұлының үш анық туындысын толығымен жазып бериниздерші