Көз алдыңызға жанартаудан атылып шыққан сұйық от пен қар көшкінінің тоғысқанын елестетіңізші. Суық пен ыстық құшактасқанда арасынан жанға жайлы жылылық пайда болады! Алтын мен күмістің қосындысынан екеуінен де бағалы Ақ алтын – Electrum дүниеге келеді емес пе! Ғасырлар тоғысында әдебиет әлеміне келген дарындар, өзіне дейінгі адамзат тудырган мол мұраны бойына мейілінше сіңіріп, тың дүниелерді тудыру парызым деп санайды. Әдебиет – тірі ағза іспеттес. Ол өз бойын жарамсыз жасушалардан тазалап, орнына өзінің өмір сүруіне көмектесетін, сол үлкен ағзанын жолында өлетін жаңа жас жасушаларды жаратады. Мына ғаламда кез келтен салаға ортақ, еш бұлжымайтын заңдылықтар бар. Оның бірі, әрине, даму. Біз егерде әдебиеттің тірі құбылыс екендігіне шүбә келтірмейтін болсақ, онда оған жаңару, жасару, өсу сияқгы үрдістердің қажет екендігін мойындағанымыз. Олай болатын болса, жаңаша көзқарасы бар жас дарынның да өмір сүруіне мүмкіндік беру керек.
Бәз бір жазушы ағамыз, тікелей тигізіп айтпаса да, «Кентаврдың» бе-тінде жарияланған материалдардың қажеттілігі шамалы дегенге саятын ой айтыпты. «Қазіргі талғампаз оқырманға Маяковскийдің футурист, Есениннің имажинист атанғандарының түкке қажеті жоқ» – депті. Біріншіден, қазіргі оқырманның талғамы қарқынды даму үстіндегі әдебиет тармақтарымен жарыса өсіп келе жатыр деп айта алмаспыз. Бізде әлемдік деңгейдегі әдебиет жасалып жатқан шығар, бірақ ол құнары жоқ топыраққа түскен дәннің кейіпін көруде. Өзіңнің қандас бауырларың түсінбеген немесе түсінгісі келмеген шығармаңды басқа жұртқа қалай мойындата аласың?
Талғам дегеннен шығады, көкірек көзі соқыр білімсіз адамда тұғырлы, тамырлы талғам қайдан болмақ? «Кентавр» алғашқы сандарынан бастап, өз алдына қазақты әлем әдебиетінің тарихымен таныстыру мақсатын қойған еді. Оның несі әбестік? Біз неге басқа ұлттардың дүниетанымы мен ой-қиялын білмеуіміз керек? Біз неге үйренетін жерден қашық, жиренетін жерге асық жүреміз? Ұлтымызды қасиетті қазақ әдебиеті кәусарынан сусындатып жатқан әдеби басылымдар жеткілікті ғой. Ал біздің алдымызға соны сорапты мұрат-мақсат қойып оқырманның, әсіресе әдеби ортаға енді қосылып жатқан жас жеткіншектерді алыс-жақын ағайынардың әдебиетімен, ол әдебиеттер жүріп өткен соқпақтармен таныстырып жатсақ несі айып?
Басқа жұрттың әдебиетін білу, тану арқылы, шығар биігі олардан да жоғары болатын әдебиет қалыптассын деген ақ ниеттен басқа тілек жоқ қой бізде…
Газетіміздің бұл санында біз Тынық мұхитында шашылып жатқан Филиппин аралдарына барып қайтамыз. Батыс Еуропа, Америка, Ресей әдебиетінен біршама хабардар оқырманымызды Филиппин поэзиясымен таныстырмақ ойымыз бар.
Жиырмасыншы ғасыр Филлипин аралдарын мекен еткен үсақ халық-тар үшін ұлы өзгерістер әкелген дәуір болды. Американдық отаршылдарға қарсы жүргізілген отыз жылға жуық ұлт-азаттық соғыс Тәуелсіз Филиппин Республикасының құрылуына алып келді. Егемендік алу жолындағы күресте алдыңғы шепте, әрине, ақын-жазушылар жүрді. Еркіндікке деген ұмтылыс, азаттыққа деген құлшыныс XX ғасырда Филиппин поэзиясының шарықтауына үлкен септігін тигізді.
Манила мен ең ірі Лусон аралын мекен еткен халықтар тагаль және илокан тілдерінде сөйлейді. Тагальдік поэзия өз тамырын біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықта қалыптаса бастаған халық фольклорінен алды. Бүгінгі күнге дейін ол көне поэзияның турлі-түсті жұрнақ-белгілерін (он, он екі және сегіз шумақтан тұратын өлең) өз бойында сақтап келеді. Алайда, кептеген филлипин ақындары әлемге ағылшын және испан тілінде жазылған шығармаларымен белгілі. Солардың ішінде бізге ерекше ұнағаны Фернандо Мария Герреро. Оның «Менің Отаным» атты олеңі мынадай:
Аралдарым - ақ кұстардың ұясы,
Түрлі тпүсті тәж боп жатыр, қарашы!
Жұлдыздардан бал ашатын наз үні,
Маган ыстык қолдарының әжімі.
Бұл әлемді, уақыт оган күәгер,
Жаратыпты есі кеткен дуагер.
Бұл аралдар – адамдардың Анасы,
Ұйықтап кеткен алыптардай, қарашы!
Мың бұлқынган жанартаудың төсінен,
Теңіздердің толқындары есілген…
(Өлеңдер мақала авторының
аудармасымен беріліп отыр)
Бұл дәл осындай сегіз шумақтан тұратын ұзақ олеңнің басы ғана. Өз Атамекенін «Бұл аралдар – адамдардың Анасы» – атап, киелі Отанды ғаламның кіндігіне балауы – туған жеріне деген ұлы махаббатгың шырқау шыңы емес пе?
Үңіліп түрып қарасаң, сагымдардың ішінен,
Сен көресің бейнемді, Құдай нүрын түсірген.
Керілгенмен айқышқа, тізе бүгіп сүйемін,
Тәңірімнің табанын, үмітімді өшірген.
Шіркеулерде күй ойнап, боздақ-орган
жылайды,
Қысқа менің ғүмырым қара түнге
кұлайды.
…Қабірімнің үстінде, сөніп қалган
шырақтар,
Бір ұшқынды сұрайды…
Бұл – Хосе Корасон де Хесус деген мүңлық, Оның терең дүниетанымы мен діни көзқарастары қаламдас достарынан қашанда өзгеше, бітімі бөлек болған. Хосе Корасонның сондай-ақ өте талантты суретші болғанын да айта кету орынды.
Осы ақынның бір өлеңімен бүгінгі Филипнин аралдарындағы сапарымызды түйіндей тұрамыз. Газетіміздің келесі санында біз осы аралдардағы басқа да ақындардың шығармашылығымен оқырмандарымызды таныстыратын боламыз.
«Кентавр» газеті
№ 8
25.05.2007 жыл
