07.10.10

АҚБЕРЕН АҚЫН

Ақберен! Егер бүгінде бұл сөз Қазақтың поэзия аспанында айдай жарқыраған  немесе жасындай ойнаған  ақынның есімі болмағанда ғой,  еш екіленбестен-ақ  сол ақынды қазақ жырының   «ақберені»  десек,  бұл сөзге ол туралы айтылар көп сөз, мол мағына сыйып кеткен болар еді. Ал ақынның азан шақырып қойған аты Ақберен болса ше?! «Ақберен ақын Ақберен» десек, тым сөз ойнатып, немесе жаңылтпаштап кеткенге ұқсап қалар едік. Бірақ бұл сөз ойнату да емес, жаңылтпаш та емес, ақиқаты сол.

Жаңа ғасырмен жарыса қазақтың жаңа әдебиетінің жаңа өкілдері әдебиет әлеміне ойқастап кіріп келді. Мың дегенмен, тәуелсіз елдің азат ұрпағы емес пе, бастары еркін, үндері жарқын, ойлары азат, қаламдары бұғалықсыз, шабыттары шұрасыз. Шеттерінен екпінді, жігерлі, тарпаң, өр.  Бірөңкей ақберен ақындар. Осылардың ішінде біздің Ақбереннің, ақын Ақберен Елгезектің  үні де, жөні де бөлек.

Әдебиетте «жаңа буын» деген ұғым бар. Ол ұғым  әсте  жас-шамамен ғана шектелмейді. Яғни әдебиеттегі жаңа буын жасымен ғана емес, шығармашылық ерекшелігімен де, эстетикалық қабылдауымен де, талғам-талантымен де  аға буыннан, алдыңғы буыннан ерекшеленіп тұруы керек. Сонда ғана жаңа буын  әдебиетте  «жаңа» болып есептелмек. Әдебиет есігін жаңа ғасырмен жарыса ашқан  Ақберен қазақ поэзиясына өзінің сондай үр жаңа үнімен, өзгеше қалпымен, бөлек болмысымен  келді. Әдетте қолына жаңа қалам алған жас ақынның еліктеп-солықтап  біраз жүріп қалатыны бар. Ал Ақберен «еліктеу мен солықтаудың» ауылына көп ат шалдырмай, тез өсіп, жылдам жетілді. Бұның өзі біріншіден, оның бойындағы Алла сыйлаған  талант қуатын көрсетсе, екіншіден, сөз өнеріне, оның ішінде  «сөз патшасының» ауылына үлкен дайындықпен, тоқ қоржынмен келгенін аңғартады.

Тағы бір айта кетерлік жағдай, Ақберен ақын әлдекімдерше «модернизм», «постмодернизм» деп, қазақ рухына, қазақы дүниетанымға жат, біздің елде тек-тамыры жоқ елесті қуып кетпейді. Оқып отырсаң, кәдімгі қазақтың ақыны, қазақтың  өлеңі екені менмұндалап тұрады. Бірақ «шекпені» жаңа. Яғни өлеңге жапқан «шекпеннен» Ақберендік өң-түс, үлгі-пошым, ою-өрнекті бірден тануға болады. Мәселен, осындағы топтама жырдың ішінде ақынның «Ақшамдағы жалғыздық» деген өлеңі бар. Қазақта «ақшам» туралы, «жалғыздық» туралы, тіпті «ақшамдағы жалғыздық» туралы  өлең аз емес. Алайда Ақбереннің ақшамдағы жалғыздықты сезінуі де, қабылдауы да, бейнелеуі де өзгеше. «Бұлттың бұла жанарынан шашылған жастың жапырақтың бір ұшында қалуын» байқау, «жұлдыздардың әуендерінің басталғанын» есіту, «түн шашының тарқатылғанын» сезіну, «кеше түскен сәулелердің қалдығының қараңғылық құшағына тасталғанын»… аңғару үшін  ақыннан үшінші көзі, жетінші түйсігі болуды талап етеді. Немесе:

«Ақшам болып еріп кетер күн ертең,

Кәрі түннің алдындағы жас шағым…»,

«Түн түбінде тағы қалам мен бүгін,

Қайдасыңдар мені ұмытқан достарым?…», – деген секілді жолдарды  сондай бір «бояулары іңірлене» бастаған ақшамда жалғыз отырғандай шамырқанбай, тітіркенбей оқу мүмкін емес. Ақын шеберлігі, сөз құдіреті деген осы.

Осыдан біраз уақыт бұрын ғаламтордағы «Мәссаған» ұлттық порталынан Ақбереннің бір топ өлеңін оқып, соңында: «Осы бастан-ақ сенімді түрде айта беруге болады: Ақберен ақын – ХХІ ғасырдың қапысыз ұлы ақыны! Әрине, жырдағы сапарың енді ғана басталды ғой, сондықтан саған тек Алладан ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеймін бауырым!», – деген жүрекжарды тілегімді қалдырған екенмін.

Бұл жолы да осы тілегімнің ақиқатқа айналғанын тілей отырып, Ақберен ақынға ақ жол демекпін!

Дүкен Мәсімханұлы.

Ақын, аудармашы. Филология

ғылымдарының докторы, профессор.

1666 рет қаралды

34 Пікірлер “АҚБЕРЕН АҚЫН”

  1. Акмарал Али:

    Оте кунды леб!з екен, Дукен агамыз жаксы айтыпты. Б!зде Акберенге узак гумыр, шыгармашылык табыстар т!лейм!н!

  2. Али Акмарал:

    Акберен туралы пікірлер Абай сайтында каптап кетті. Оны коргаймын деп озім балеге калдым.

  3. Али Акмарал:

    Е, жағымпаз. Анау келген бауырларыңды неге мақтамайсың?

  4. Акмарал Али:

    Е, менің атымнан кім жазып отыр?

  5. Али Акмарал:

    Не мене, сенен басқа Али Акмарал жоқ па екен? Қасым Аманжолов, Ғабит Мүсіреповтер де жүр ғой бәле іздемей-ақ. Осы сен-ақ…

  6. Акмарал Али:

    Мен нагыз Алм Акмаралмын, мына жогары да жазгандарды окып тан калып отырмын. Мундайда адамдар болады екен гой. Акберенд! коре алмайтын таза б!р кызганшак бар екен. Мен!м атымнан жазбай-ак, оздер!н жасырын жаза бермейс!ндер ме? Адамнын кулк!с!н келт!рмей. Оз! жазып, оз!не от!р!к жауап жазып… Мен басым балеге калды деп не уш!н айтамын, мен оз!ме жауап бере аламын гой. Ой кулк!мн!н келген!-ай. Мына макаланы окып !ш!н жарылып кете жаздап, мен!м атымнан урыпсын гой. !ш!н куйсе туз жала, ал Акберен керемет акын…

  7. Жан:

    Ой, апасы, мына жерде өзіңізді ұстаңызшы! Қасиет деген ұғыммен таныссыз ба?

  8. Акмарал:

    Жан, б!р!нш! жэне алтыншы п!к!р мен!к!. Калгандарын к!м жазып отырганын б!лмейм!н. Ренж!ме.

  9. Жан:

    Акберен жарнамасы мыкты акын, Дидар Амантай секилди

  10. Дайрабайдың сиыры:

    Жан, қолыңнан келсе, Ақберендей өлең жазып, Дидардай роман жазып ал да, сайт ашып, жарнамала өзіңді. Қолыңнан келмейді екен, былшылдамай жөніңе жүр!

  11. Акмарал Али:

    Мен шынымен осында п!к!р айткым келсе, Акберенн!н уялы телефонына шыгамын. Сондыктан мен!м атымнан былшылдамай-ак кой дег!м келед!, к!м болсан да.

  12. Биреу:

    Ия, Акберен акын. Тағы 50 жылдан соң оның күрделіөлеңдері миға сіңімдірек болмақ. Өйткені жыл өткен сайын адамзат санысы күрделеніп барады

  13. Шынар:

    Ақбереннің сайтына кіріп, лебіздер бөліміне бас сұққанда Ақбереннің лирикаға толы, түнып тұрған өлеңдеріне байланысты жазылған жылы лебіздерді оқитын шығармын деп ойлағанмын, сол пікірлестермен бірге ақиық ақынның өлеңдеріне пікірімді жазармын дегенмін. Бірақ…бұл жерге жел сөздің жемірлері кіріп кеткен бе деп қалдым. Поэзияны сыйласаңдаршы тым болмаса.

  14. Шынар:

    Ақберен ақын, өлеңдеріңізді, прозаларыңызды оқып, іштей тамсанып жүремін. Ақындардың жаны нәзік келеді ғой, бірақ Сіздің жандүниеңіз мен үшін тіптен бөлек болып тұрғандай. Сізге шығармашылық табыс тілеймін, “Мәссағандағы” “Болмаған балалық шақты” оқып, көзіме жас алғанмын. Енді сізден махаббат туралы проза, шығармалар күтемін.

  15. J.N.:

    salem!!!
    olengderingizdi ote jqsi korip oqymin,bugin “bolmahan balaliq xaqti”oqip kongilim qatti buzildi,tipti tahdirding osinday balaliq sylahanin ,jalpi sahan qiymadim,balalihim baqitti ottsede sen uxin bir jiladim.bugin ating zattinga say Aqberen bolwinga ,tahdiringning sylahan bir syi xihar dep tuydim.engbeginge tabis tileymin!!!
    11/24 Pekin

  16. Даулет:

    Ассалаумагалейкум,Акай! (Ерсіннің өзіңді осылай атайтыны есіме түсіп отыр.) “Болмаған балалық шақ” деп аталған туындың ұнады.Қайғылы жағы қалыңдау.Аздап мұртын басып жіберу керек. Осы повесіңнің өзін бір кітапша етіп шығарсақ. Ауыл балаларының талайының қаламын ұштауға септігі тиер еді. Оларда қала балалары сияқты қадалып отырар интернет желісі жетіспейді ғой.

  17. kalamkas:

    Алладан ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеймін!

  18. таныс:

    Уа халқым, жыртылмаңдаршы, сендер мақтағаннан да даттағаннан да ештеңе өзгермейді, анау али ақмаралың нағыз жағымпаз екен ғой, сонша шаршағаны несі? немене Ақберен жамандағаннан өлең жазуын қояр дейсіңдер ме, әлде мақтағаннан жақсы ақын болып шыға келер деп дәмеленесіңдер ме? ол да сендер сияқты жыртылып журген біреу ғой, біздің ауылда ақберенді он орап алатын ақындар толып жүр, тек олар ақаң сияқты пысықай емес!

  19. .................:

    Неге Ақберен акыннан баска акындарда сайт жоқ Мысалы мен Алмас Темірбайдың сайты болғанын қалар едім

  20. Ақберен:

    Алмасқа хабарласып сұрап көріңізші. Мүмкін ашайын деп жатқан шығар…

  21. saken Ryzabek:

    Ak jol tileymin !

  22. Ақерке:

    Ақберен ағай,жас ақындар поэзиясы туралы дипломдық жұмыс жазып жатыр едім,жас ақындар поэзиясы туралы толық мәліметтерді қайдан алуға болады?

  23. Әлия, Өскеменнен:

    Расында да Ақбереннің үшінші көзі, жетінші түйсігі бар сияқты. Онсыз да оқырмандары мен табынушылары көп қой, несіне пікір жазуды сұрайтынын түсінбеймін. Өресі жеткен де, жетпеген де жамырай пікір жазып, ойына келгенді айта бергеннен не шығады? “Жартасқа бардым, күнде айқай салдым…” дегенді енді бұл айта көрмесінші.Бұл жазғандарды ол оқымайтын да шығар. Бірақ жандарыңа жақын болмаса,сайттың өзге қонақтарының әлемін бос, былапыт сөзбен былғамаңдаршы,

  24. Ақберен:

    Рахмет Сізге, Әлия!

  25. Акмарал Али:

    Али Акмарал қотағымды жемеш а.

  26. Акмарал Али:

    Ақ берен ақын емес….қатын

  27. Акмарал Али:

    кКей қатындар жақсы жазады тіпті

  28. Жан:

    Дайрабайдың сиыры деп жазған Ақбереннің өзі.
    Не трудно догадаться.

  29. Бағдат:

    Ақберен, бауырым! Сенің өлеңдеріңді оқыған сайын бір марқайып қалатын Сыр елінің өлең қадірлер азаматының бірімін. Өресі жетпеген өлермендер қызғаныштың қызыл итін ырылдататын әдеті емес пе? Неге біздің жігіттер бір жақсыны көрсе қуанышына ортақтаспайды? Қайта балақтан жармасады. “Біріңді қазақ бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос” деген Абай ұлағатын санаға сіңірмей-ақ жүрсек, кім кінәлі?! “Болар елдің баласы, бірін-бірі батыр дейтін” заманға қашан жетер екенбіз!
    Жақсы өлең – жан байлығы.Ол бәрімізге ортақ қазына. Қазынамыз көп болса бар қазақтың еншісі емес пе? Оны ешкім тартып алып жатқан жоқ қой.
    Сондықтан Ақберен өрелі өлеңдеріңмен баршамызды қуанта бер, шабысыңнан талма бауырым! “Ит үреді, керуен көшеді”

  30. Жұмбақ жазушы:

    Өлен жазсам, өзімдікін өзге айтып кеткендей. Жалпы қазір бәрімізде Абайды қайталап жүрміз ғой. Мың құбылтып, сан түрлендіргенмен айтар ойымыз Абайға барып тіреледі……….

    games, utorrent

  31. Аян -Жұмбақ:

    Ақберен, айналайын,
    “Сені сүю” туралы өлеңің белгілі ақын әпкеңнің “Сені сүю мен сүймеу” деген өлеңінің көшірмесі сияқты екен. Бұл өлеңді ол кісі бұдан көп жыл бұрын, сен шыбықты ат қып мініп ойнап жүргенде жазған шығар. “Түркістан” газетінде алғаш басылған.Өлең кітаптарында да жүр. Оның курстастары да біледі бұл өлеңді. Студенттер толқыны жатқа айтатын кештерінде. Бұл атақты өлең ғой, сенің одан хабарың жоқ па еді? Егер ол кісінің өзі көрсе, не болатынын білмеймін…
    Жалпы көзі тіріден де, көзі жоғынан да өлең, идея, шумақ, жолға жиендік жасау, сенің азаматтық болмысыңа, ақын деп жүрген атыңа ұят емес пе екен?!

  32. Ақберен:

    Аян аға, қай әпкемді айтып отырсыз? Мен бул өлеңді біреуге смс арқылы жазып отырғанда туган. Сосын ол өлеңге айналып кетті. Мұндай өлеңді еш жерден оқымаған екем. Бір адамға түскен ой, басқа адамға да түседі гой. Мен ешкімнің шығармашылығына жиендік, палгиат жасағам жоқ, Құдай сақтасын одан. Тәңірім куә, егер өтірік айтсам. Құрметпен, Ақберен.

  33. Нарынбеk Жумашев:

    Аkберен ага мен сiздi жаkсы kоремiн!
    Сiз расмен ХХI гасырдын kайталанбас аkынысыз.
    Сiзге демikпес денсаулыk, шыгармашылыгынызга табыс тiлеймiн!

  34. Марал Али 1974:

    Осы Али Марал деп мен!м атымнан жаман соз жазып п!к!р айтатын адамга таным бар. Неге оз атыннан жазбайсын батыр болсан атынды корсет!п. Мен!н аты жон!мд! кыстыра берес!н кез-келген жерге. Жарылсан жарылып кет. Олендер!н суй!п окимын Акберенн!н. Ал сен сиякты бейадеп создер айту мен!м колымнан келмейд!. Жэне де мен!н мундай создер жазбайтынымды Акберен б!лед!, сондыктан боска арамтер болып мен!м атымнан жазбай-ак койсан болады. Жазгандарына тек кулем!нде коямын. Жэне осы жазып отырган адамнын к!м екен!н мен б!лем!н.

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion