30.12.09

Жоғалған кеңістік. 1904 жыл.

Қоғамның ақыл-ойы тоқырауға ұшырап, алты бақан ала-ауыз болғанда, құмырадай кеудедегі Тәңіри рух бұлқынып, «қуатты оттай бұрқырап» көтеріліске шығады. Бұл көтеріліс сарсаң күйге түскен саналарға сапар шеккен қантөгіссіз, қарусыз бейбіт шеру сияқты. Ашық түйсік пен сергек сананың иесі ғана ғана ол шеруді жүрегімен қарсы алмақ. Қарсы алмаса, түсінбесе, айтқан сөзге құлақ түрмесе, көтерілісті бастаған ұлы рух иесі «қайғы шығып ілімнен, ыза шығып білімнен, зар шығарып тілінен» аласұра – алқынып, асанқайғыланған ойыменен ала-құла даланы адақтап кезіп, түк шықпаған соң, «ашуы – ашыған у болып, ойы кермек» татып, ақыры «моласындай бақсының жалғыз қалады». Ал, Пірге ермеген, оны ұлттың рухани көсемі ретінде сезінбеген халық – надан болып қала береді, оның көкжиегі ешқашан кеңеймейді, көсегесі де ұзақ уақыт көгермек емес. Толығырақ…

3 Пікірлер 986 рет қаралды
30.12.09

Блоктың «бақытсыздығы» немесе өзіміз туралы

Порталымыздың алдағы сандарында біз орыс поэзиясының күміс ғасырына сапар шегеміз. Себебі біз, алыс-жақын көршілеріміздің әдеби мұрасын жақсы білуге міндеттіміз. Табыну немесе ықпалына түсіп қалу үшін емес. Зерттеу, зерделеу үшін. Неге десеңіз, кез-келген ұлттың мінез-құлқы,  мақсат-мұраты ең алдымен әдебитінде көрініс табады. Немесе, сол ұлтқа қажетті рухани дүниені, мұрат пен мақсатты елдің ақындары мен жазушылары сомдап, жүйелейді. Рас, орыс ағайындарымыздың әдеби тарихынан қазақ біршама хабардар. Ал, ашып айтпасақ та «Қытай» деген бір үрейдің ішімізде жүргені тағы бар. Шығыс жақтан есетін жағымсыз саяси самал қазақ үшін дауылға айналып кетпесін десек, бізге олардың да әдебиетін жетік білуімізге тура келеді. Бұл енді басқа мақаланың мәселесі. Қазірге біз алағашқы тақырыбымызға қайта оралайық. Толығырақ…

1 Пікір 1216 рет қаралды
30.12.09

«Айжорға» биін билеген бақсы

Дәл сол күні аспанда ай қораланды. Оны бәлкім ешкім көрмеген де шығар. Бірақ менің ішкі жанарыма айдың бетінде «Айжорға*» биін билеген сұлба айпарадай анық көрінді. Ол ішкі бір әлемнен өзіне ғана естіліп тұрған тылсым әуенге елтіп, баяу қозғалып, ұзақ биледі…Бұл бақилық сапарға аттанғаннан соң, 70 күннен кейін денесі Жер ананың құшағына табысталған Майкл Джексонның азаттық алған рухының биі еді. Толығырақ…

2 Пікірлер 919 рет қаралды
30.12.09

БУРАБАЙҒА БАРДЫҢ БА?

Тәңірдің мейірімі түскен жер бетіндегі кез келген нүкте – көктегі пейіштің прототипі. Мұндай нүктелерде адам өзінің ғарышпен байланысын сезініп, тылсым бір күйге түсетіні белгілі. Мұндай нүктелерде сол аймақты мекен еткен халықтың тағдырын анықтайтын оқиғалардың да орын алатыны бар. Көп жағдайда сол жердің табиғаты құшағын паналаған ұлтты нәубеттен, сырттан келетін кері әсерлерден сақтап қалып отырады. Жаппар Ием сүйіп жаратқан осындай ғажайып нүктелердің біздің елде көптеп кездесуі де – Тәңірдің біздің ұлтқа деген ерекше ілтипатын аңғартса керек. Сондай жердің бірі – қасиетті Бурабай. Толығырақ…

3 Пікірлер 1462 рет қаралды
«12
© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion