06.09.11

Мен бір жанға ғана ғашықпын…

«Жаны жайсаң, жүрегі жұмсақ, тым сезімталдық» бұл ақындарға берілетін анықтама. Бүгінде ақындардың жас буыны қатайып өсіп келе жатыр. Алдыңғы қатардағы ақын Ақберен Елгезек көптің көңіліндегісін дөп айтады. Дұрысы, берген  сұхбатына көз салыңыз…

1. Сіздің  жүрегіңіз кімге арналады?

Ақберен Елгезек: Қай мағынада сұрап отырсыз? Егер ер мен әйел арасындағы қатым-қатынасты меңзесеңіз, айта алмаймын оны. Жеке құпиям ол. Ал, жалпы сұрасаңыз, жүрегім қазаққа арналады деп айтсам, пафосты түрде айтты деп есептемеңіз. Мен бар жүйке-жүрегіммен Алаш жұртын сүйемін!

2. Жан дерттеріңізді қалай емдейсіз?

Ақберен Елгезек: Тәңірден көмек сұраймын. Көп жағдайда, дертіме дәрумен ретінде, Тәңір тарапынан бұйраланған өлең шумақтары беріледі. Толығырақ…

13 Пікірлер 546 рет қаралды
07.06.11

Жанбай жатып, сөнгім келмейді…

Жаңа ғасырдағы жас ақындардың арасында аты жиі аталатыны – Ақберен Елгезек. Өзгеше өлеңдерімен танылып, жас та болса әдебиетке жаңалық әкелген Ақберен жайлы бүгінде жылы әңгіме көп. Ғаламның болмаса да, ғаламтордың ақынына арналған Ақберен ақынға жақында екінің бірінің қолы жете бермейтін «Дарын» сыйлығы тапсырылды. Біз осы орайда жас қаламгерлерге бірнеше сауалдар қойып, аз-маз әңгіме өрбіттік.

– Сізді осы уақытқа шейін ақын ретінде ғана танып келгенбіз. Бірақ былтыр «Ақ желкен» журналында жарияланған «Болмаған балалық шақ» әңгімеңіз арқылы прозалық қабілетіңізді де байқатып қалдыңыз. Әдеби ортада жақсы қабылданған бұл әңгімеңіз – тұп-тура өміріңіз екен. Алдымен өзіңіз жайында айтыңызшы, қайда туылдыңыз, қайда өсіп-өндіңіз?

– Алматы қаласында дүниеге келгем. Әкем арман қуып, 1975 жылы КазГУ-дің журналистика факультетіне түскен. Сол бойы ару қалада қалып қойған. Соның арқасында бізге өмірге келетін нүкте ретінде сұлу Алматы шаһары бұйырды. Ал негізі, бабаларымның тамыры тартылған атамекенім – Семей  өңірінің Шұбартау ауданы. Мен осы  ауданының Мәдениет  ауылда ер жеттім. Толығырақ…

6 Пікірлер 711 рет қаралды
03.04.11

Менің жүрегімнен шыққан өлең – Алаштың меншігі

Бұл сұхбат 2011 жылдың басында Қытайдағы қандас бауырларымыздың  «Күлтегін» (http://www.kultegin.com/bbs) әдебиет, мәдениет, тарих сайты үшін арнайы алынған болатын.

Сұхбаттың мәтінін атамекендегі оқырман қауымға ұсынып отырмын.

www.kultegin.com Ассалаумағалайкум, Ақберен аға! «Әдебиет» аталымы бойынша “Дарын” Мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаты атандыңыз. Құтты болсын!

Ақберен Елгезек:

Уағалейкумассалам! Рахмет, бауырым!

www.kultegin.com Біз сізді танығалы бері де бірталай шаруаның басын қайырып, игілікті жұмыстарға мұрындық болып жүрсіз. Айталық, өлеңі мен кісілігін ешкім елеп-ескермеген Мұрат Шаймаранұлының жыр жинағын шығару, «Кентавр» жайы дегендей. Қазір қай жақта жүрсіз? Шығармашылығыңызда нендей жаңалықтар болып жатыр?

Ақберен Елгезек: «Ақынды ақын қолдамаса болмайды» деген ғой Мұқағали.  Қазақ әдебиеті қашанда таланттыларға кенде болмаған. Мұрат Шаймаранұлының шығармашылығы – қазақ өлеңі қай аспанда қалықтап, қай мұзартқа ұя салса да ғажайып туындыларды дүниеге әкеле алатынын дәлелдеді. Мүкең Қытайда жүріп-ақ қазақ әдебиетіне құбылыс болып келген ақын. Өкінішке орай атажұртына тылсым өлеңге толы аңқылдақ жүрегін алақанына салып келгенде оны елеп-ескергендер аз болды. Мен Мұрат ағама көмектестім деп айта алмаймын. Егер оның кітабы атамекенінде жарық көріп жатса, ол  -Мұраттың бағы, ол – Мұраттың өлеңдерінің өміршеңдігі. Менің түк қатысым жоқ. Мен тек баспаға ұсынып, қаттап-беттеп, түптеп-жіптеп қана бердім. Толығырақ…

1 Пікір 576 рет қаралды
28.01.11

«Ақберен ЕЛГЕЗЕК: ДҮНИЕ – ТӘҢІРДІҢ ӨЛЕҢІ»

Бүгінгі кейіпкеріміз – Ақберен Елгезек. Әңгіме – темір жол бекетінде өтті. Әдебиетке екімыңыншы жылдан кейін келген. Ақын, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты. «Көк бөрінің рухы», «Көлеңкелер күбірі» жыр-жинақтарының авторы. Кезінде «Қазақ әдебиетін қолдау» қорын құрған. Ол қор Республикалық әдеби-танымдық «Кентавр» газетін шығарып тұрды. Интернет жүйесінде өте танымал. Өзінің поэтикалық сайты бар.  www.akberen.com

Ол өлеңге келген жоқ. Өлең оған келді. Ақынға. Күтпеген жерден емес. Күткен жері – тағдыры. Бір қарағанға, сырт келбеті Есенинді есіңізге түсіреді. Жаны… Құштарлық бар. Сол сезім – оның әлемінің қозғаушы күші. Сергек. Жаңашыл. Дәстүрді жоққа шығарушы емес. Әдемі киінгенді ұнатады. Эстет. Сыйлас адамдарымен қарым-қатынаста өзін екінші орынға ысырып қойып жүреді. Мақсатшыл, мүддешіл. Беймәлім, тылсым атаулыға ынтық. Жетінші айдаһардың әлемін іздейді. Поэтикалық ізденісі – өзін тануға ұмтылу. Толығырақ…

10 Пікірлер 1034 рет қаралды
07.10.10

Жастар өз ішінен өзін іздеп жүр…

Бүгінгі поэзия әлемінде өзіндік орнын тапқан ақындардың бірі- Ақберен ЕЛГЕЗЕК. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Серпер» жастар сыйлығының және Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері атанған ақынды оқырман «Көлеңкелер күбірі» атты өлеңдер жинағы арқылы таниды.

«Сәрсенбідегі сұхбатымыздың» қонағы болған Ақберенмен қазіргі жастар әдебиеті жөнінде ой бөліскен едік Толығырақ…

9 Пікірлер 1412 рет қаралды
28.01.10

Елең еткізер есім

«Ана тілі» газеті,

21-27 қаңтар, 2010 жыл. № 3 /996/

Ақберен Елгезек — акын, «Көлеңкелер кұбірі» жыр жинағының авторы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жанындағы «Атажұрт» баспасының бас редак­торы.

«Менің атымды маркұм әкем қойған болуы керек. Бір ағамнан есімімді Темірбек Қожакеев қойған деп те естігенім бар», — дейді өз есімі жайында Ақберен. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Берен» деген сөз батырлар киетін сауытты, мылтықты, алмас қанжарды білдіреді» деп жазылған. Орта ғасырларда Ұлы Жібек жолында саудаға түсетін өте құнды, сирек кездесетін мата болған екен. Сол матаны да «берен» деп атаған деседі. Жалпы, «берен» — мықтылыкты, өткірлікті, өжеттілікті білдіретін сөз. Сондықтан да «Батырлар жырында»: «Балдағы алтын ақберен, шаба алмасам — маған серт…» деген тіркестер көп кездеседі. Толығырақ…

13 Пікірлер 1333 рет қаралды
12.01.10

Ақберен Елгезек: «Біз – дәрігер емеспіз мүлде, біз – дертпіз…»

«Сын» журналы:

Әдебиет табалдырыгын қашан аттадың? Жөн білісіп алсақ…

Ақберен Елгезек:

Жалпы осы мен әдебиет деген киелі шаңырақтың табалдырығынан аттай алмай жүрмін-ау деймін. Тек сол қасиетті үйге еніп үлгірген «тұрғындармен» есік алдында әңгімені соғып жүретін адамға ұқсаймын. Себебі, ол босағадан аттау үшін қабырғасы мығым шығарма жазып, жалпақ жұрттың бағасын алу керек. Әзірге салмақты бір кітапты да бере алмадық. Дегенмен, әдеби ортаға танылдым деп айтуға болатын шығар. Толығырақ…

28 Пікірлер 2987 рет қаралды
12.01.10

Ақберен Елгезек: Ақын жаны – ғалым секілді жаңалық ашуға құмар

Тілші:

Бүгінгі таңдағы, қай мәселе, қай әңгіме де қоғамныц хал-ахуалына тіреліп жатады. Сіз де әнгімені содан бастасаңыз...

А.Елгезек:

«Ақын – коғамның барометрі» – деген сөзге иланатын болсақ, мен бұл  сұраққа таза ақын ретінде жауап беріп көрейін. Қашанда ақын біткен өз заманына разы болмаған. Себебі, коғамның жақсы тұстарынан гөрі,  жағымсыз жақтары ақын жүрегінің елегінен көбірек өтеді. Толығырақ…

3 Пікірлер 1197 рет қаралды
30.12.09

Aқын, Серпер сыйлығының лауреаты Ақберен Елгезекпен сұхбат. «Мүшәйрадан мән кетті…»

Алтын Орда:  – Әуелгі сұрақ: өлең сізді іздеп тапты ма, әлде өлеңді сіз таптыңыз ба?

А.Е. Қызық сұрақ екен… Мен ешқашан өлеңді іздеген емеспін. Кім өз еркімен дерттенгісі келеді дейсіз? Соған қарағанда өлең мені өзі іздеп келді-ау деймін. Негізі өлең емес, соның иесі іздеп келді деп айтсам дұрыс шығар. Өлең деген құбылысқа менің өз анықтамам да дайын. Толығырақ…

2 Пікірлер 1439 рет қаралды
30.12.09

Ақберен Елгезек, ақын: «Қатты қиналған сәттерімде ұлып-ұлып алатыным бар!».

– Жастар поэзиясы туралы әңгіме бола қалса, сіздің атыңыз жиі айтылады. Бірақ аты шулы мүшәйраларға қатысып, жүлделі орындарға ие болғаныңызды көрмеппіз. Азын-аулақ жүлдесін місе тұтпайсыз ба, әлде жеңіліп қалудан қорқасыз ба? Толығырақ…

13 Пікірлер 1433 рет қаралды
© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion