Мама
Мен сені Тәңірден сұрадым, мама,
Осы арудың құрсағына бітемін деп.
Мен сен үшін талай жыладым, мама,
Ақынның анасы боп өтеді деп. Толығырақ…
Мен сені Тәңірден сұрадым, мама,
Осы арудың құрсағына бітемін деп.
Мен сен үшін талай жыладым, мама,
Ақынның анасы боп өтеді деп. Толығырақ…
Қалтыраған жапыраққа айналып,
Жараланған бір бұтақта жаным тұр.
Кірпігімнен, өмір жайлы ойланып,
Күздің жасы тамып тұр. Толығырақ…
Тылсым мезгіл күбірлеп мұң тілінде,
Тығып жатыр даланы түн түбіне.
Күміс шық боп тұнады Ай сәулесі,
Күнге ғашық гүлдердің кірпігінде. Толығырақ…
Болмайтындай ендігі түн баянды,
Жұлдыз құлап келеді мың бояулы.
Жаратқанның ғажабын көремін деп,
Түйсігімде шырылдап кім оянды? Толығырақ…
Мен туа сап нала көп көрдім,
Мұң түбіне сандалып жету үшін.
Мен өмірге бала боп келдім,
О, дүниеге шал болып кету үшін…
Алабуртып қалады көңіл неге,
Ашуланам, біресе көңілденем.
Тәтті сендей көрінер өмір деген,
Дәл өзіңдей сұлу ма өлім деген?…
Өтеді де кетеді бәрі,
Өкініш пен бекердің зары.
Қызық болмай қалады тағы,
Адамның бары, бөтеннің жаны…
Ирелеңдеп, сырғыған жылан құсап,
Енеді екен түйсікке күмән бір сәт.
Шаһардың шамдарына арақ құйып,
Алматыны келе жатыр тұман құрсап…
Сөз – тағдырға байланғандай,
Көз – жаңбырға лайланғандай.
Өлең, өлең! Толығырақ…
Сары қазан, кәрі қазан, сап-сары,
Жанарыма шашыратар оттарын.
Сары күздің шаштарына айналды,
Мамырдағы мамырлаған бұлттарым. Толығырақ…